8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D071 Инженерия и инженерлік іс(Даярлау бағыты)
D097 Химиялық инженерия және процесстер(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты
Органикалық және мұнай-химия өндірісінің химиялық технологиясы, соның ішінде ұлттық экономиканың және әлеуметтік саланың әртүрлі облыстары үшін полимерлерді өндіру және өңдеу саласында іргелі білім беру, әдістемелік және ғылыми-зерттеу құзыреті мен терең білімге ие жоғары білікті химик-технологтарды дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері
органикалық катализ және көпфункционалды наноматериалдар саласының химиялық технологиядағы заманауи жетістіктері туралы терең білім береді
жаһандану және халықаралықтандыру жағдайында химиялық технологияның даму заңдылықтарын, бағыттары мен замануи тенденцияларын біледі
оқыту, ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік қызметтері бар ЖОО оқу-тәрбие процесін жүргізу дағдыларын меңгереді
патенттік іздеу жүргізу және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ғылыми ақпаратты беру, халықаралық деңгейде кәсіптік қарым-қатынас дағдыларын меңгерген
нарықтық экономиканың ерекшеліктерін, экологиялық проблемаларды және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсінуге негізделген химиялық технологтың ұйымдық-басқарушылық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы кәсіби құзыреттілігін көрсетеді
қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістеріне негізделген инновациялық органикалық өнімдердің химиялық технологияларын дамыту саласындағы тәуелсіз ғылыми зерттеулерді жоспарлауды, дамытуды, жүргізе алуын көрсетеді
өзінің ерекше зерттеулерімен үлесін қосып және әріптестеріне, ғылыми қоғамдастығына және жалпы қоғамға өз жетістіктерін жеткізеді
зерттеу барысында алынған нәтижелерді жоғары дәрежелі басылымдарда есептер мен ғылыми жарияланымдар түрінде ұсынады